Зорлық-зомбылық кезіндегі қауіпсіздік жоспары
01
02
03
04
05
06
07
Көмек немесе консультация керек па?
Егер сізді жыныстық зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денеңізді пайдалану(вебкам) секілді дүниелермен қорқытса. Егер сізде психо-юридициялық сұрақтар туындаса немесе баратын жеріңіз болмаса. Бізге өтінішіңізді жіберіңіз, содан кейін біз сізбен хабарласамыз.
Немесе қоңырау шалуға да, Whatsapp-қа да жазуға болады
Егер де сіз көрші пәтерден айқай естісеңіз…
112 номерімен полиция шақырып қылмыстың куәгері болғаныңызды айтыңыз. Адам өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізіңіз. Хабарласу кезінде сізден өзіңіз жайлы ақпаратты сұрайды: аты-жөніңіз, телефон номеріңіз, бірақ ақпаратпен бөліспесеңіз болады. Алайда бұндай жағдайда сіздің хабарламаңызды қабылдамауы мүмкін
Жоқ. Сізді кінәлауы үшін, полиция сіздің қылмыс болып жатпағанын білгеніңізді дәлелдеуі керек. Сіздің әрекеттеріңізде ешқандай да қылмыс болмайды.
Олардың есік бұзуын талап етіңіз. Егер үйден айқай және төбелес дауыстары естілген болса олар есікті бұзуға міндетті. Егер үй тыныш болса, полиция есік ашпаса оны бұзатынын ескертуі керек. Әдетте полиция кезекші бөлімге рапорт жазады. Кезекші бөлім 10 күн бойы үйді тексеріп жүруі керек.