komek-otbasy.kz
Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері
Неге көңіл аударуыңыз қажет?
Көмек картасы
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Балаларға арналған мекемелердегі ұжымдық зорлық-зомбылық түрлері

Балаларға арналған мекемелердегі ұжымдық зорлық-зомбылық түрлері

Балаларға арналған мекемелердегі ұжымдық зорлық-зомбылықтың келесідей екі нысаны: буллинг и мобинг болады.

Буллинг (ағылш.: bully – төбелескіш, адамдарға тиісуді ұнатады) ұжымның бір мүшесін басқа мүшесінің қудалауы түріндегі психологиялық зорлық-зомбылық түрі. Буллинг келесідей көрініс табады: вербалды агрессия (мысалы адамды ренжітетін есімдер ойлап табу «семіз», «төрткөз», т.б.); қорлау (сыртқы келбетіне, дененің ерекшеліктеріне, оқу проблемаларына және т.б. қатысты болуы мүмкін); мазақ ету; қорқыту, физикалық зорлық-зомбылық қаупі; жала жабу; бопсалау (көбіне олар ақша, телефон, заттарды алады), киімге, заттарға, оқу құралдарына зиян келтіру; қоғамнан оқшалау; елемеу. Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде қауіп төндіретін хабарламалар, фотосуреттер және видеолар түріндегі кибербуллинг кең таралды.

Моббинг (ағылш.: mob – жамағат, адамдар тобы) – ұжымның бір мүшесін басқа мүшелерінің қудалауы түріндегі психологиялық зорлық-зомбылық түрі. Бұл жағдайда құрдастар мазақ етеді. Олар өздерінен сәл өзгеше болатын (мыс.: олардың арасында әдеттегідей емес, киіну, жүріс-тұрысы өзгеше, т.б.) құрдастарын мазақ етеді. Бір баланың екінші бір баланы мазақтауына топтың басқа мүшелері қосылып буллинг моббингке айналады. Моббингтің көрінісіне мыналар жатады: мазақ ету, жала жабу, түрлі қорлау, ұжымдық ұрып-соғу және т.б.

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар, әдетте, психикалық жарақат алады, психикасына әсер ететін ауыр оқиғаны бастан кешіреді, бірақ сонымен бірге тиісті түрде оқиғаға қарсы күресу және өмірге бейімделуі қиынға соғады. Нәтижесінде баланың әлеуметтенуге деген потенциалы төмендейді, стресспен үйлесетін психикалық зақымдаулар дамуы мүмкін.

Травматикалық жағдайлардың екі түрі бар. Бірінші типте қысқа мерзімді травматикалық оқиға болады, екіншісінде - травматикалық стресстің тұрақты және қайталанатын әсері болады. Ерекше жабық түрдегі мекемелерде балаға зорлық-зомбылық көрсеткен жағдайда, ол екінші типтегі травматикалық жағдайға тап болады - ол созылмалы түрде зорлық-зомбылыққа душар болады, бұл көбінесе жағымсыз салдарға әкеледі.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық салдарының ауырлығы баланың биологиялық және конституциялық ерекшеліктеріне байланысты, зорлық-зомбылықтың теріс деструктивті әсерінің қаупі соғұрлым жоғары болады. Балалар мекемесінде зорлық-зомбылықтың ауыр зардаптарының туындау ықтималдығы балаларда «қауіпсіздік аралдарының» болуы кезінде айтарлықтай төмендейді (достар, қолдау көрсететін мұғалім, спорттық секциясының жаттықтырушысы және т.б.). Жабық мекемелердегі (интернаттардағы, баспаналардағы, колониялардағы және т.б.) балалардың мұндай «қауіпсіздік аралдарын» құру мүмкіндігі аз. Көптеген балалар жеке кеңістіктің жетіспеушілігіне, тек өзіне тиесілі жеке заттардың шектеулі мөлшеріне шыдай алмайды. Мұның салдарынан әртүрлі жолдармен көрінетін эмоционалды-еріктік саланың бұзылуы пайда болады. Жабық мекеме қызметкерлерінің назары, ең алдымен, эмоционалды тұрғыдан ауыр, қозғыш, гиперактивті, агрессивті балаларға аударылады. Көбінесе мұндай ерекшеліктер зорлық-зомбылықты бастан кешудің нәтижесі болып табылады. Зорлық-зомбылықтың басқа белгілері де болуы мүмкін: сөйлеудің тежелуі, көңіл-күй фонының төмендеуі, алаңдаушылық пен жылаушылық. Мұндай мінез-құлық ерекшеліктері бар балалар ересектердің назарын аудармайды, өйткені олардың мінез-құлқы неғұрлым қалыпты, олар тәртіпті сақтауға бейім. Мұндай балаларда аутогрессивті (онихофагия, трихотиломания, ернің тістеу, жараларын тырнау және т.б.) және қорғаныс (түкіру, қолды сілкіп тастау, көзімен жыпылықтау және т.б.) әрекеттерін кездестіруге болады. Балаға қатысты зорлық-зомбылықтың маңызды белгісі оның әдеттегі мінез-құлқының өзгеруі (аз икемділік, белсенділік, бұрынғы әрекеттерге қызығушылықты жоғалту және т.б.), ойындардан бас тарту немесе олардың жаңа тақырыптарының пайда болуы, көбінесе зорлық-зомбылық сипатын тікелей немесе жанама түрде көрсетеді.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің белгілері қарап-тексеру кезінде (тұрақты көгеру, сызаттар, күйіктер, жиі сынықтар және т.б.), сондай-ақ психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы анықталуы мүмкін.