komek-otbasy.kz
Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері
Неге көңіл аударуыңыз қажет?
Көмек картасы
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Қазіргі уақытта әрбір мемлекетте ескі құқық нормалаларының күші жойылуы, ал жаңа құқық нормаларының күшіне енуі мен анықталу үдерісінің аяқталмауы себебінен қоғамда саяси және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы орын алып жатыр. Мұндай жағдай аномия (грек.: «а»– жоққа шығару, «nomos»–заң) – тұрғындардың ертеңгі күнге деген сенімдерінің жоғалуы және қорқынышы деп аталады. Бұл зорлық-зомбылықпен ұштасатын макро және микроқоғамда адамдардың жау мен кінәлі адамдарды іздеуіне алып келеді. Бұл үдерістерге қатысты кері әсер ішкі сипатта, бірақ әдетте сыртқы сипатта, басқа адамдарға қатысты болады.

Мекемелерде, отбасыда зорлық-зомбылық құрбаны – балалар болады. Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша, Еуропада ұл балаларға қарағанда, қыз балалар жиі қудалау құрбандары болады және 12 ден 16 жас аралығында мектептегі зорлық-зомбылық құрбандарының 80%-ы қыз балалар болады.

Бала құқықтары туралы Конвенцияның 16 бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды.

Балаларға арналған жабық мекемелерде зорлық-зомбылық қаупі әсіресе жоғары болады, көп жағдайда балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері анықталмайды. Мұның басты себебі - мамандардың балалармен жұмыс жасау дағдыларының жетіспеушілігі. Балаларға қатысты физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың жан-жақты құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету үшін мамандар зорлық-зомбылықтың қандай нысандары болатынын білуі керек, зорлық-зомбылықтың жоғары қаупі бар жағдайларды анықтай алуы және балалар мен ересектермен мақсатты сұхбат жүргізу дағдыларына ие болуы керек. Психологтарда этикалық нормаларды сақтай отырып зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупі жоғары балалар тобын, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық әдістер жиынтығының болуы өте маңызды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зорлық-зомбылықты өз-өзіне, басқа адамға, адамдар тобына қарсы бағытталған нақты физикалық күшті немесе билікті қасақана пайдалану немесе қорқыту ретінде қарастырады.

Зорлық-зомбылық әрекеттері:

  • белгілі бір мақсатқа жету құралы;

  • құпия қажеттілікті алмастырушы және қызметті ауыстыру, сондай-ақ психологиялық демалу әдісі;

  • өзін-өзі тану және өзін растау қажеттілігін қанағаттандыру құралы болуы мүмкін.

Зорлық-зомбылыққа әсер етудің үш типі қарастырылады:

  • өзін-өзін агрессормен сәйкестендіру және оған ұқсау;

  • қорғану;

  • алғашқы қажеттіліктерден бас тарту ретіндегі реакция.