komek-otbasy.kz
Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері
Неге көңіл аударуыңыз қажет?
Көмек картасы
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері

Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері

Тұрмыстық зорлық - зомбылық ол тек ұрып соғу емес, заңда оның келесідей түрлері көрсетіледі:

  • Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

  • Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

  • Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

  • Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Сіз байқамайтын, бірақ әрбір үшінші отбасыда көрініс табатын тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері:

  • ұялы телефонды тексеру: кімге қоңырау шалдыңыз, нені іздеу бағдарламалары арқылы іздедіңіз, кімге жаздыңыз;

  • белгілі бір адамдармен сөйлесуге тыйым салу, оның ішінде туған-туысқандармен;

  • жүрген жеріңізді үнемі бақылау;

  • агрессияның кез келген көрінісі: ыдыс-аяқты сындыру, есікті қирату, заттарды лақтыру;

  • қорқыту мен ережелер: «мен қазір кетемін!», «егер сөйлейтін болсан ұратын боламын!», «егер мынаны істемесен, мына затты алмайсын!»;

  • қорлау, оның ішінде әсіресе сыртқы түріңізге байланысты: «неге бұл киімді киесің?», «бұл киімде сен семізсің»;

  • қаражатпен шектеу, өзінің жеткілікті ақша табатынын айта отырып, жұмысқа ораналасуға тыйым салу;

  • психологиялық қысым көрсету және айла-шарғы жасау мақсатында сіздің кейбір мінез-құлығыңызға серіктестің үнемі ренжуі;

  • зиянсыз әзілдер ретінде көрінетін, бірақ серіктесті қорлайтын басқа адамдар алдындағы қоғамдық мазақтар;

  • серіктесін ренжіту және өзінің ізгі қасиетін еске түсіру үшін «Мен кешірдім!» деген сөздермен екі серіктес ұмытуға келіскен өткен реніштер мен қателіктерді үнемі еске түсіру.

Бұл тұрмыстық зорлық – зомбылық көрініс табатын барлық белгілердің тізімі емес.