komek-otbasy.kz
Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері
Неге көңіл аударуыңыз қажет?
Көмек картасы
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын өлтірмек болды

Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын өлтірмек болды

Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын өлтірмек болды

Әйелді мұндай қадамға не мәжбүр еткені әзірге белгісіз. Қазір ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын жарақаттады. Бұл туралы Костанайские Новости денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

"Шақырту түнгі сағат үште түсті. 26 жастағы әйел қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйел білегін жарақаттаған", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.   Әйел екі баласына да пышақ жарақатын салған. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бір және үш жасар балалардың да білегі кесілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің психикалық ауруы қозып кеткен.

Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде, ал балалар балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.

Әйелді мұндай қадамға не мәжбүр еткені әзірге белгісіз.

Возврат к списку