komek-otbasy.kz
Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері
Неге көңіл аударуыңыз қажет?
Көмек картасы
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Репатрианттарды оңалтуда және қайта интеграциялауда Қазақстанның тәсілі мен тәжірибесін зерделеуге арналған техникалық тапсырма


Репатрианттарды оңалтуда және қайта интеграциялауда Қазақстанның тәсілі мен тәжірибесін зерделеуге арналған техникалық тапсырма

«Право» Қоғамдық қоры Сирияда және Иракта қақтығыс аймақтарынан репатриацияланған азаматтарды оңалтудың және қайта интеграциялаудың Қазақстанда практикаланатын қазіргі тәсілінзерделеу үшін сарапшылар мен зерттеушілердің (осы жерде және одан әрі «консультант») арасында зерттеу қызметтерін көрсетуге тендер жариялайды. Бұл зерттеу «Поиск общих интересов» коммерциялық емес ұйымымен бірлесе отырып, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Право» іске асыратын «Еңбек мигранттары, олардың отбасылары, сондай-ақ репатрианттар арасындағы әлеуметтік ұйымдастықты нығайту арқылы Орталық Азия елдерінде зорлықшыл экстремизмнің алдын алу» жобасының бір бөлігі болып табылады.


«Право» ҚҚ және «Поиск общих интересов» КЕҰ туралы ақпараттық анықтама

«Право» қоғамдық қоры Қазақстанда желілік ұйым болып табылады, ол кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау көрсететін 17 «Шанс» орталығын қамтиды, олардың мақсаты - заңмен байланыстағы адамдарға арналған әлеуметтік қызметтердің кешенін көрсету. Қордың қызметі, оның ішінде, қиын өмір жағдайындағы адамдардың жағдайын өзгертуге және заң бұзған адамдардың санатынан шығаруға мүмкіндік беретін қызметтер кешенін олардың алуының жүйесін құруға бағытталған, екіншіден, қор террористік белсенділікаймақтарынан қайтып келген немесе деструктивтік діни ағымдарға жататын балалар мен әйелдерге жәрдемдеседі. Қор бірқатар пилоттық жобаларды жүзеге асырып, кейіннен оларды ел аумағында репликациялайды. Сонымен қатар, Қор деректердің және практикалық жұмыс тәжірибесінің негізінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тікелей қатысу арқылы құқықтың әр түрлі салаларын жетілдіруге табысты ықпал етіп, заңмен проблемалары бар азаматтық қоғам өкілдері үшін мемлекеттік деңгейде проблемалық мәселелерді бірлесе шешу үшін оларға қатысты стигманы төмендету және елде бар проблемаларды шешуде тәсілдерді өзгерту мақсатында бастама көтеріп, жағдайлар жасайды.

 

“Поиск Общих Интересов” (Search for Common Ground) халықаралық коммерциялық емес ұйымының Қырғызстандағы өкілдігі -бейбітшілікті қалыптастыру және қақтығыстарды трансформациялау жөніндегі жетекші халықаралық ұйым, Африканың, Азияның және Таяу Шығыстың 36 елінде жұмыс жүргізеді. ПОИ бас штаб-пәтерлері Вашингтонда, Колумбия округінде (АҚШ) және Брюссельде (Бельгия). Ұйым қақтығыстарды қабылдау тәсілдерін қарама-қарсы тұрудан бірлескен шешімдерге өзгертуге тырысады.Кешенді тәсілдердің, медиа-бастамалардың және үкіметтік сияқты, азаматтық қоғамда жергілікті серіктестермен ынтымақтастық арқылы, “Поиск Общих Интересов” Орталық Азиядағы (ОА) тұрақты бейбітшілікке ықпал ететін төзімділік және проблемаларды бірлесе шешу мәдениетін дамытуға бағытталған бірқатар ұлттық және өңірлік бастамаларды жүзеге асырады. 

 

Жоба туралы және зерттеу туралы ақпараттық анықтама

«Еңбек мигранттары, олардың отбасылары, сондай-ақ репатрианттар арасындағы әлеуметтік ұйымдастықты нығайту арқылы Орталық Азия елдерінде зорлықшыл экстремизмнің алдын алу» жобасы - бұл Орталық Азия елдерінде (Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда) зорлықшыл экстремизмге әкелетін радикалдану себептерін жоюға бағытталған 24 айлық жоба. Жоба екі нысаналы санатпен жұмыс істейді: 1) еңбек мигранттарымен және олардың отбасыларымен; 2) Ирактан және Сириядан репатрианттармен, бастысы әйелдермен және балалармен. Қақтығыс айимақтарынан қайтып келген репатрианттармен жұмыстың шеңберінде жоба жекелеген деңгейдегі сияқты, қоғамдастық деңгейінде оқиғаларды талдауды, басқаруды және мониторингілеуді жүзеге асыруда басты қатысушылардың күш-жігерін біріктіру жолымен репатрианттарды оңалтудың және қайта интеграциялаудың тетіктерін жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Үкіметі «Жусан 1 және 2» операцияларының шеңберінде өз азамататрын Сириядан және Ирактан елге әкелді, бұл операциялар репатрицияның екі раундынан тұрды. Осы бағдарлама бойынша барлығы 596 Азамат қайтарылды. Репатриациялау сәтінен бастап соңғы екі жылдың ішінде репатрианттарды оңалту және қайта интеграциялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Жинақталған тәжірибені және жүзеге асырылатын тәсілді зерделеу, зерделенген тәжірибені уақтылы файлдау және құжаттандыру үшін қажет, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарға, мемлекеттік емес факторларға және басқа да мүдделі тараптарға ағымдағы тәсілдің тиімділігін бағалауға, алынған сабақтарды айқындауға осы салада одан әрі жұмысқа арналған ұсынымдарда тәжірибені жүйелеуге және көрсетуге пайдалы болар еді.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Право» және «ПОИ» Сирияда және Иракта болып жатқан соғыс қақтығыстары аймақтарынан репатрианттармен жұмыс жөніндегі Қазақстан Республикасының қазіргі оңалту және қайта интеграциялау тәсілі мен тәжірибесін зерделеу және жүйелеу тақырыбына зерттеу жүргізеді.


Жұмыстардың көлемін егжй-тегжейлі сипаттау

Консультант Сириядағы және Ирактағы қақтығыс аймақтарынан қайтып келгендерді оңалтуда және қайта интеграциялауда Қазақстанның қазіргі тәсілі мен тәжірибесін зерделейді деп күтіледі. Зерттеу зерттеудің кабинеттік және далалық бөліктерінен тұруы тиіс. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін консультантқа мынадай тапсырмалардыорындау қажет:

  1. Репатрианттарды оңалту және қайта интеграциялау үшін қолданылатын Қазақстанның тәжірибесі мен тәсіліне кабинеттік талдау жүргізу;

  2. Далалық деректерді жинау үшін тиісті инструментарийді әзірлеужәне далалық жұмыстардың кестесін құрастыру. Инструментарий жәнекесте «Право» және «ПОИ» өкілдерімен келісілуі тиіс;

  3. «Право» және «ПОИ» өкілдері әзірлеген инструментарийді бекіткеннен кейін далалық деректерді жинауды жүргізу;

  4. Сирияның және Ирактың қақтығыс аймақтарынан қайтып келгендерді оңалтуға және қайта интеграциялауға Қазақстанның тәсіліне талдау жүргізу;

  5. Репатрианттарды оңалту және қайта интеграциялау саласында тиісті мүдделі тараптардың тәжірибесін зерделеу;

  6. Сирияның және Ирактың қақтығыс аймақтарынан қайтып келген репатрианттарды оңалту және қайта интеграциялау саласында алынған сабақтарды анықтау;

  7. Қайтып келгендерді оңалту және қайта интеграциялау саласында тиісті мүдделі тараптардың тәсілі мен тәжірибесін талдау процесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін ұсынымдардың тізімін қалыптастыру;

  8. Жүргізілген зерттеу туралы есептің бастапқы нұсқасын дайындау және «Право» мен «ПОИ» түсініктерінен кейін оны толықтырып қайта жасау;

  9. Негізгі қорытындылармен және ұсынымдармен финалдық есепті ұсыну.


Күтілетін нәтижелер

Орындалған жұмыстардың нәтижесі ретінде консультант мынадой материалдар мен жұмыстарды ұсынады деп күтіледі:

  1. Бастапқы есеп (Inception report), онда зерттеудің таңдалған әдіснамасының далалық деректерді жинауға үшін әзірленген инструментарийдің егжей-тегжейлі сипаттамасы мен негіздемесін келтіру қажет(2-3 бет);

  2. Есептің синопсисі, онда талдамалық есептің құрылымы келтірілген және талдаудыңнегізгі тармақтары, басты нәтижелері көрсетілген;

  3. Финалдық есеп, оның көлемі 25 беттен аспауы тиіс (Times New Roman 12, беттердің жоларалық интервалы - 1.5). Қосымша және түсіндіру ақпаратын финалдық есепке тиісті қосымшаларға шығару қажет;

  4. Жоғарыда көрсетілген барлық есептер мен материалдар ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.


Жұмыстарды орындау кестесі

Зерттеу жұмыстарын орындау 2020 жылдың тамызынан бастап қазанына дейін екі күнтізбелік айға жоспарланған. Жұмыстарды орындаудың егжей-тегжейлі жоспары төменде кестеде көрсетілген.

 

#

Іс-шара  

Атқарылу мерзімі

1

Өтінім берудің ең соңғы мерзімі

2020 жылғы

7 тамыз

2

Келісім-шартқа қол қою

2020 жылғы

14 тамыз

3

Бастапқы есепті қарау және мақұлдау

2020 жылғы                21 тамыз

4

Есептің бастапқы нұсқасын ұсыну

2020 жылғы

23 қазан

5

Есептің финалдық нұсқасын ұсыну

2020 жылғы

13 қараша

 

 

Сарапшыға гонорар төлеу

  1. Талдауды орындауға арналған жалпы бюджет 1,300 Евроны құрайды;

  2. Сарапшыға гонорар төлеу бірізділікпен екі траншпен жүргізілетін болады;

  3. Жалпы бюджеттен 50% көлемінде төлемдердің бірінші траншызерттеуді жүргізу жоспарын бекіткеннен кейін және «Право» мен «ПОИ» өкілдері бастапқы есепті мақұлдағаннан кейін жүзеге асырылатын болады;

  4. Жалпы бюджеттен 50% көлемінде төлемдердің екінші траншы«Право» және «ПОИ» өкілдері есептің финалдық нұсқасын мақұлдағаннан кейін бекіткен соң жүзеге асырылатын болады.


Қалай өтінім беру керек

Қызығушылық білдірген үміткерлер 2020 жылғы 7 тамыз кешіктірмей pravo_o_f@mail.ru электрондық поштасының мекен жайына өтінім құжаттарының пакетін жолдау қажет.


Өтінім құжаттарының пакеті

  1. Осыған ұқсас жұмыстарды орындауда үміткердің тәжірибесі көрсетілген арыз берушінің түйіндемесі;

  2. Зерттеу тақырыбын түсінудің негіздемесін, оның өзектілігін, оның көмегімен арыз беруші талдауды орындауға ниеттенетін зерттеу әдістерін, жұмыстарды орындаудың жобалық кестесін қамтитын талдауды орындау бойынша техникалық ұсыныс;

  3. Тапсырманы орындау үшін қажетті негізгі шығыстар көрсетілген қаржылық ұсыныс;

  4. Арыз берушінің талдамалық есептерді жазудағы құзыретін растайтын үлгі ретінде ұқсас немесе аралас тақырып бойынша арыз беруші бұрын орындаған есеп.

Возврат к списку