komek-otbasy.kz
Тұрмыстық зорлық - зомбылық түрлері
Неге көңіл аударуыңыз қажет?
Көмек картасы
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай анықтауға болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық психологиясы

Біз туралы

Анна Рыль председатель ЧФ «Коргау – Астана»

2009 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі бастамашылығымен «Астана-Қорғау» Жеке Қоры жанында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған адамдарға арналған «Көмек» уақытша тұру Орталығы құрылды. Орталықтың басты және негізгі бағыты болып «адам саудасының құрбандары» және « тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны» деп танылған адамдарға уақытша тұруды қамтамасыз ету, құқыққорғаушылық, медициналық, психологиялық және бұл қызметтермен байланысты өзге де қызметтерді көрсету табылады.

Оңалту орталығы 24 адамға қызмет көрсетуге және қоныстандыруға бейімделген. Әрқайсысы жоғарыда аталған қызметтерді 6 ай ішінде тегін негізде алады. Жәбірленушінің сұрауы бойынша тұру мерзімі 9 айға дейін ұзартылады. Орталықтағы жұмыскерлер саны – 7. Олардың барлығы әр түрлі саладағы жоғары білікті мамандар: психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер. Олардың басты міндеттері Орталықта тұратын жәбірленуші-қызмет алушыларды қолайлы өмір сүру жағдайларымен, тамақ, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, медициналық, психологиялық, құқықтық және өзге де қызмет түрлерін көрсету, сондай-ақ қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Астана-Қорғау» Жеке Қоры келесі бағыттарда жұмыс істейді:

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға бағытталған негізгі қызмет түрлеріне жатқызылады:


1.1 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: психологиялық қолдау көрсету, қауіпсіз жермен, азық-түлікпен, киім-кешекпен, жеке күтім құралдарымен қамтамасыз ету.
1.2 Денсаулық сақтау қызметтеріне қол жетімділік (адам саудасының құрбандарында физикалық аурулар созылмалы сипатта болады): сату-сатып алудың заты бола тұра өмір сүрудің және еңбектің ауыр жағдайында болған құрбандар, әдетте толыққанды тамақтану мен медициналық көмектен айырылады.

2. Құқықтық көмек көрсету. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары келесі сұрақтар бойынша кеңес алады:
2.1 Сот процесіне қатысу немесе қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдау.
2.2 Мемлекетте қалу мәртебесі бойынша пайда болатын сұрақтар (заңды негізде тағайындалған мемлекетте уақытша немесе тұрақты түрде қалуға мүмкіндіктің болуы немесе болмауы, т.б.)
3. Әлеуметтік қызметтер: тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін көп ретте әлеуметтік қызметтер жүйесіне қол жетімділік болмайды және жергілікті қауымдастық мүшелері мен туыстары тарапынан стигматизацияға тап болады, мұның барлығы олардың бұдан әрі оқшаулануына алып келеді. Бұл мәселені шешу үшін Орталық қызметкерлері бұдан кейінгі реинтеграция мақсатында әлеуметтік қызметтердің кешенің ұсынады. Қалыптасқан ауыр жағдайда құрбандардың қалыпты өмірге қайтып оралуына мұндай қызметтер шешуші рөл атқарады.

Оңалту орталығы өз қызметін жүзеге асыру кезінде жүзден астам адамдарға көмек көрсетті. Зардап шеккендердің ешқайсысына біздің ұйым қызметкерлері тарапынан көмек көрсету бойынша бас тартылмаған.

Олардың барлығына білікті көмек пен қолдау көрсетілді.


«Коргау-Астана» Жеке Қорының төрағасы

Рыль Анна Игоревна