Астанадағы әйелдерді
қолдау дағдарыс орталығы

Әйелдер мен балаларға отбасындағы қорлықтан құтылуға көмектесіп, қатыгездікке неге төзбеу керек екенін айтамыз

«Қорғау» дағдарыс орталығы туралы

«Қорғау» әлеуметтік қызметінің жанында тұрмыстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Мұнда сіз психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкердің көмегін тегін ала аласыз.

 

Қажет болған жағдайда әйелдер мен балаларға дағдарыс орталығында 6 айға дейін уақытша паналауға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, азық-түлік, киім-кешек, тұрғылықты жер бойынша тіркеу және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін ала аласыз.

 

Қызмет алушылардың жекелеген санаттары — өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар, заңмен қақтығысқа түскен балалар және жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бұл санаттағыларға балалар психологы мен отбасылық психологтың қызметі, сондай-ақ қылмыстық процесс барысында заңгерлік сүйемелдеу ұсынылады.

Біздің дағдарыс орталығы сандарда

0

100 әйел мен бала жыл сайын Астанадағы орталықтан пана табады

0

адам жыл сайын қордан көмек алады

0

бала орталығымыз зорлық-зомбылық құрбаны ретінде анықтайды

Көмек түрлері

Психологиялық көмек

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға тегін психологиялық кеңес беру. Диагностика, оңалту, мониторинг.

Заңгерлік көмек

юридическая помощь астана кризисный центр юрист астана

Заң мәселелері бойынша кеңес беру, құжаттарды қалпына келтіру және басқа да құқықтық мәселелерді шешу.

Қауіпсіз пана

безопасное убежище астана кризисный центр

Дағдарысты жағдайда жәбірлеушіден оқшаулану үшін қауіпсіз пана тауып, уақытша тұруға болады.

Сізге көмек немесе кеңес қажет пе?

Егер сізге физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық қаупі төнсе, жыныстық қанауға (мысалы, вебкам-индустриясына) тартылсаңыз. Психологиялық және заңгерлік сұрақтарыңыз болса немесе қиын жағдайға тап болып, барар жеріңіз қалмаса.

Бізге өтінім қалдырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

домашнее насилие астана помощь home violence astana help charity fund

Көмектескіңіз келеді ме?

Әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығының жұмысына қаржылай қолдау көрсеткіңіз келе ме? Бізге сіздің көмегіңіз өте қажет.

Егер сіз көмек көрсететін маман болсаңыз немесе жай ғана біздің құндылықтарымызды қолдап, Астанадағы дағдарыс орталығымен бірлескен жоба жүзеге асыруды ұсынғыңыз келсе, бізге жазыңыз.

Оқиғалар

Жаңалықтар